«Ұшқыр ой алаңы» сайысы. Зархум Т., Асаинова Г.Х.

18.09.2026

Тақырыбы:«Ұшқыр ой алаңы»  сайысы

1-жүргізуші:Сәлеметсіздер ме,құрметті ұжым,балалар. Бүгінгі «Ұшқыр ой алаңы» сайысына қош келдіңіздер.

«Білімді ұрпақ-ел тірегі»- дегендей бүгін мектепалды топтарының арасындағы білім додасын бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші:Сайысады білгірлер мен зеректер,

Ұшқыр талап,биік шыңға жетелер.

Олай болса ,қарсы алайық халайық,

Кешімізді көптен күткен бастайық.(музыка)

1.«Білгірлер» тобы/музыка/

2.«Зеректер»тобы/музыка/

Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

Меңгеруші : Оразбаева А.Қ.

Педагог ассисент : Махатова Р.К.

1-жүргізуші:

Адам меңгермейтін биік бар ма?

Жойқын күшті тындырар күшің барда.

Оқы ,үйрен ,жас ұрпақ бәрін меңгер,

Алға қойған мақсатың ,ісің барда!-

деп сайысымызды бастаймыз.

Олай болса ,әр топ өздерін таныстырып өтеді.

1-топ.« Білгірлер»

Ұраны:

Ізденген жетер мұратқа,

Өнер, білім шақырады алысқа.

Сондықтан да қанатымыз талмайды,

Бала бүркіт биіктерге самғайды.

Тобымызда барлығы да білгірлер,

Сайысуға кімнің күші тең келер?

2.топ:« Зеректер»

Ұраны:

Ал біз болсақ зерек ойлы баламыз,

Күннен күнге толысады санамыз.

Келдік бүгін сайысуға сіздермен,

Ашық жарқын,пәк көңілді достармен.

Жүрегіміз жүйірік аттай толқиды,

Қошеметтеп отырыңыз біздерді.

2-жүргізуші:

Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.

Бүгінгі сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.Әр кезеңнің өз тапсырмалары бар.

1-кезең: « Суретшінің қатесін тап» тапсырмасы орындалады.

2-кезең: «Магиюм еден »тапсырмасы орындалады.

3-кезең «Бәйге» ойын тапсырмасы орындалады.

Сергіту: «Тақия»

4-кезең:Түстермен ойын: «Не артық» тапсырмасы орындалады.

5-кезең«Пазл құрастыру»

Әр ойынның шартымен ойын барысында таныстырып отырамыз.

1-кезең « Суретшінің қатесін тап» тапсырмасы орындалады. Шарты: Экранға екі топқа арналған сюжетті суреттер шығады, балалар осы суреттегі суретшінің қателіктерін тауып айту қажет ( мысалы қыс мезгілінде бала қолшатыр ұстап күнге қыздырынып отырады, т.б ) Тура осындай суреттер балалардың алдарына да беріледі, балалар алдымен өзара ақылдасып кейін әр командадан екі бала шығып өз суреттері туралы әңгімелеп береді.

  • Балалар, қараңдаршы бізге қонақ келе жатыр. Интеллектуалды зияткерлік мектептің жатықтырушысы келеді.

2 - Жүргізуші:  Сәлеметсіз бе, жоғары шығыңыз! Біз сіздің интеллектуалды мектеп туралы естідік, онда көптеген қызықты да, пайдалы ойындар арқылы дүниені танып білуге қажетті барлық жағдай жасалатынын білеміз.  Біздің балалар білімге құмар, өздері өте өнерлі.

Жаттықтырушы: Сәлеметсіздер ме! Олай болса балалар, мен сендерге интерактивті еденде ойналатын қызықты ойындар алып келдім.

Ендеше ортаға сайыскер балаларды шақырамын.

2-кезең: « Интерактивті магиюм еден »тапсырмасы орындалады.

Жаттықтырушы: Жарайсыңдар, балалар.

Мен сендердің білімдеріңді, жаңа ойындарға қызығушылықтарыңды  көрдім.

Сендерді өзімнің мектебіме аламын. Енді мен кетуім керек, басқа да

балабақшаларды аралап сендер сияқты білімге құштар, ақылды балаларды

жинаймын. Сау болыңдар. ( кетеді)

1 – Жүргізуші: Өте жақсы балалар, сайысымызды ары қарай жалғастырамыз.

Үшінші кезеңде қандай тапсырма екен?

Экранға назар салайық.

Ойын:«Тақия »

Ал енді балалар,ортаға шығып, жаттығуларын орындап,бойымызды сергітіп алайық.

1– Жүргізуші:

3 – кезең: Бәйге» ойыны.

Шарты: Жерде әртүрлі жолақшаларда қағаздан жасалған аттар болады. Екі топтан 3 баладан шығып жылқылапды байлаулы жіптерінен өздеріне қарай тез тартып алу керек, қай топтың балалары өздерінің аттарын мәреге жеткізсе солар жеңімпаз болады. Содан кейін екі топтың балалары жұмбақ шешеді.

4 – кезең:  Түстер мен ойын « Не артық?»

Шарты: Екі топтың балалары бір-біріне қарама –қарсы тұрады.Жерде әр түсті жолақшалар жатады. Мен қандай түсті айтсам, бала сол жолақшаны,аяғымен өзіне қарай тез тартып алу керек. Содан кейін,жолақшаның артындағы (не артық?) деген тапсырманы орындайды және сол суреттің неге артық екенін түсіндіріп ,айтып беру керек.

1– жүргізуші: Ал, енді балалар келесі тапсырманы орындаймыз. Сендер дайынсыңдар ма?

5 - кезең:«Пазлды құрастыру»

Шарты: Санға сәйкес суреттерді тауып,тез ,жылдам,әрі дұрыс құрастыру қажет. Тапсырманы дұрыс, әрі жылдам орындаған топ жеңімпаз болады.

2– жүргізуші:

Құрметті сайысқа қатысушылар, бүгінгі «Ұшқыр ой алаңы» сайысы өз мәресіне жетті.Енді әділ қазылар шешімін шығарғанша,ортаға көңілді

флешмобқа шақырамыз.

Би:«флешмоб »

1– жүргізуші:

Ортаға сайыскерлерімізді марапаттауға әділ қазыларды шақырамыз.

Марапаттау,құттықтау.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар осымен бүгінгі « Ұшқыр ой» сайысы өз мәресіне жетті. Екі топтың балалары да сайыста өздерінің білімдерін,танымдылық қабілеттерін көрсетіп, тәртіптерімен де көзге түсті. Қатысушылырға алғысымызды білдіреміз, жеңістерің құтты болсын. Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл бағдарлама 3 – 4 жастағы коммуникативтің бұзылуы диагнозы  бар балаларға арналған, төмендегідей бірнеше  бөлімдерді қамтиды: тілін, сөздік қорын, коммуникативтік дағдыларын жақсарту, сонымен қатар когнативті және моторлы дағдыларын арттыру.  Жеке даму  және ақыл – ойының ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың бұл бағдарламаның барлық  жоспарланған бөлімдерін меңгермеулері мүмкін. Сондықтан қарапайым нұсқаулардың өзі бірнеше рет қайталауды, ойын барысында пысықтауды талап етеді.

  1. Тілдік даму дағдылары:

 

  • Артикуляциялық дағдыларын қалыптастыру:

дыбыстарды дұрыс айтуға арналған ойын түріндегі қарапайым,жеңіл артикуляциялық жаттығуларды орындауға үйрету;

  • Тілдің лексика – грамматикалық құрылымын дамыту:

қарапайым сөздік қорларын дамыту барысында жұмысты жалғастыру,сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастыру ( жеңіл,

қарапайым сөз, сөйлем)

  • Сөздің фонематикалық құрылымын дамыту:

Дыбыстарды есту арқылы ажырату қабілеттерін дамыту;

 

  1. Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру:

Психологиялық қолдау:

Баланың құрдастарымен, үлкен адаммен қарым – қатынасқа түсуіне, қарапайым ым – ишараларды түсініп, жеңіл тапсырмаларды орындай білуге жағдай жасау, ойындарды ұйымдастыру;

 

Әлеуметтік ойындар мен жаттығулар:

 Әртүрлі жағдайларға бейімделуге және икемділікке баулу, жеңіл нұсқауларды орындай білуге үйрету ( бер,қолымды ұста,отыр,үстелге қой, т. б )

Өзінің көңіл – күйін білдіру:

Балаға өзінің көңіл – күйін, эмоциясын басқара білуге, аяушылық, көмек қолын ұсына білуге дағдыландыру;

 

  1. Моторика және когнативті даму:

 

Ұсақ моторика және шығармашылықты дамытатын тапсырмалар  ( сурет салу, мүсіндеу,тұзды қамырмен жұмыс, дәстүрлі емес технологияларды қолдану және басқа да әдіс - тәсілдер)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Қосымшалар: