Тақырыбы: «Ананың балаға деген махаббаты». "Біз мектепке барамыз" ата- аналар мектебі.
04.05.2023
Тақырыбы: «Ананың балаға деген махаббаты»
Тренинг: «Орныңды ауыстыр» психолог Идрисова Қ.Ғ
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Осындай көтерінкі көңіл-күймен жиналсымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Ата-анамен балабақша арасындағы сабақтастықты пайдалана отырып , ананың балаға деген махаббаты атты видиоролигімізге назар аударыңыздар. Видео-ролик: «Ана мен бала» Бабатаева Ж. Ал, енді құрметті ата-аналар, сіздерге дайындаған бірнеше сұрақтарға жауап беріп отырсаңыздар. Бейнетаспа арқылы ситуациялық сұрақтар бар,соларға жауап берулеріңізді сұраймыз. Сұрақ-жауап: Сағынтаева Х.Ж
- Демалыс күнінде отбасы жақсы көңіл-күймен оянып, ата-ана уақытын балаларына арнайды. Түскі уақытта анасының дәмді қылып жасалған түскі асты балалары ішпей қойды. Сіздің әс-әрекетіңіз?
- Күнделікті балабақшаға келіп жүрген бала бір күннен кенеттен балабақшаға бармаймын дейді. Сіздің қолданар әдіс-тәсіліңіз?
- Таңертеңгі уақытта балаңызды әдеттегідей бақшаға әкелдіңіз, шешіндіріп топқа жіберейін десеңіз, «топқа кірмеймін сотка бер» деп шарт қойды. Сіз жұмысқа қатты асығып тұрсыз. Сіздің әрекетіңіз?
- Күнделікті кешке уақытты отбасыңызбен әдеттегідей өткізіп жатырсыз. Кешкі астан кейін ыдыстарды жуып, бақшаға-мектепке баратын балаларыңыздың киімін, заттарын дайындадыңыз. Сонымен түңгі сағат 23.00 болды. Енді ұйықтауға жатайын дегенде бақшадағы баласы: «Тақпақ жаттайық» деді. Сіздің қолданар тәсіліңіз? Жақсы, рақмет! Ал енді келесі кезекті ойынға берейік!
- 1-ойын: «Сиқырлы жарық» Калиева А.М
- 2-ойын: «Мен және менің балам»
Қорытынды: «Ананың балаға деген махаббаты» деген жиналысымызды қорытындылай келе, ағашқа жүрекшені жабыстыру арқылы, балаңызға қандай тәжірибе қолдана алатыныңызды бір сөзбен жазыңыз. Осымен, құрметті ата-аналар бүгінгі «Біз мектепке барамыз» ата-аналар клубына келгендеріңізге үлкен рақмет! Осындай жиналысқа қатымсып, өз көкейлеріңізде жүрген сұрақтармен, қойылған сұрақтарға жауап беріп отырсаңыздар, бізде қуанып қаламыз. Сіздерге рақмет, келесі кездескенше сау болыңыздар!