"Менің сүйікті отбасым!" отбасы күніне арналған тақырыптық күн өтті.
18.09.2026
«Менің сүйікті отбасым!» тақырыптық күні
Балабақшамызда Отбасы күніне орай «Менің сүйікті отбасым!» атты тақырыптық күн өткізілді.
Іс-шара барысында балалар отбасының маңызы туралы әңгімелесіп, ата-аналары мен жақындарына деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Түрлі ойындар, шығармашылық тапсырмалар мен қызықты сұрақтар ұйымдастырылып, тәрбиеленушілер өз отбасылары туралы әңгімелеп, суреттер салды.
Тақырыптық күннің басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, балаларды мейірімділікке және қамқорлыққа тәрбиелеу.
Отбасы – бала жүрегіндегі ең қымбат мекен!
Просмотров: 1534