2026 жылдың 21 мамыр күні «Отбасы- тәрбиенің алтын бесігі» жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
22.05.2026
2026 жылдың 21 мамыр күні «Отбасы- тәрбиенің алтын бесігі» жалпы ата-аналар жиналысы шай ішу форматындағы ерекше кездесу түрінде өтті. Жиналыс барысында ата-аналар мен педагогтер арасында ашық әңгіме жүргізіліп, оқу жылының жетістіктері қорытындыланды. Сонымен қатар «Ағаш тілегі» бөлімінде ата-аналар тілек ағашына өз жылы лебіздерін жазып қалдырды. Кездесу көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, ата-аналар мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.
Күн тәртібінде:
- «АШЫҚ ӘҢГІМЕ» сұрақ- жауап (ата-аналармен).
Меңгеруші Блялова А.К.
- «Жыл жетістігі» бейне презентация. Әдіскер Ашимова Б.К.
- Марапаттау рәсімі. Меңгеруші Блялова А.К.
- «ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН ТІЛЕК» («Тілек ағашына» ұсыныстар мен тілектер жазып іледі).
- ФОТОСЕССИЯ ☕ Шай үстіндегі естелік фото. https://www.instagram.com/reel/DYo_MuMMR14/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Просмотров: 2525