"Балалардың сөйлеу белсенділігін артырудың ойын әдістері" семинар- практикум. Тәрбиеші Утепова Ж.М.
Тақырыбы: «Балалардың сөйлеу белсенділігін арттырудың ойын әдістері»
Мақсаты: Жас тәрбиешілерге мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу белсенділігін арттыруға бағытталған ойын әдістерін меңгерту, тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдануға үйрету.
Міндеттері:
Балалардың сөздік қорын байыту және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту жолдарын көрсету.
Ойын арқылы баланың еркін сөйлеуіне, өз ойын жеткізуіне жағдай жасау.
Дидактикалық, сюжеттік-рөлдік, қимылды және шығармашылық ойындарды ұйымдастыру әдістерімен таныстыру.
Жас тәрбиешілердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін арттыру.
Сөйлеу белсенділігі дегеніміз не?
Баланың қарым-қатынас жасауға, сұрақ қоюға, жауап беруге, өз ойын сөзбен жеткізуге және әңгімеге қатысуға ұмтылысы.
Негізгі бағыттары:
Сөздік қорды байыту.
Диалогтік сөйлеу.
Байланыстырып сөйлеу.
Сөйлеуді түсіну және тыңдау.
«Неліктен ойын маңызды?»
Баланың қызығушылығын оятады.
Жаңа сөздерді меңгеруге көмектеседі.
Қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Өз ойын айтуға ынталандырады.
Қиялы мен шығармашылығын дамытады.
Ойын әдістерінің түрлері
Дидактикалық ойындар
Сөздік қор, салыстыру, сипаттау.
Сюжеттік-рөлдік ойындар
Диалог, қарым-қатынас.
Саусақ ойындары
Қимыл мен сөз үйлесімі.
Шығармашылық ойындар
Әңгімелеу, қиялдау.
Тәрбиешінің рөлі
Баланы мұқият тыңдау.
Ашық сұрақтар қою.
Жауап беруге уақыт беру.
Қателігін сынамай, дұрыс сөйлем үлгісін көрсету.
Әр баланың сөйлеуге қатысуын қолдау.
«Балаға жауапты айтып бермей, өздігінен айтуға мүмкіндік бер!»