"Гиперактивті балалармен тиімді қарым-қатынас орнату" кеңес. Психолог Идрисова К.Г.

Гиперактивтілік дегеніміз не?

Гиперактивтілік — баланың жас ерекшелігіне сай күтілетін деңгейден жоғары қозғалыс белсенділігімен, импульсивтілікпен және кей жағдайда зейінді тұрақтандыру қиындығымен көрінуі мүмкін мінез-құлық ерекшелігі.

Гиперактивтілік белгілерінің негізгі көріністері:

Көп сөйлейді,шыдамсыз,аз ұйықтайды, тым шапшаң,өте белсенді, зейіні тұрақсыз.

Гиперактивті балалармен жұмыс істеу ережесі

Күннің бірінші жартысында жұмыс жасау

Қысқа және анық нақты нұсқаулық беру

Балаға таңдау мүмкіндігін  беру ,Баланың жұмыс жүктемесін азайту.

Жұмысты қысқа және жиірек уақыттарға бөлу

Табысқа жету сезімін қалыптастыру

Гиперактивті балалаға қалай көмектесуге болады?

 

Күнделікті айқын және болжамды тәртіп

Күнделікті тәртіп балаға уақытылы басқаруға көмектеседі және мазасыздықты азайтады. Күнделікті жұмыстар бір ретпен қайталаған кезде, балаға өз мінез-құлқын бақылау оңайрақтау болады. Ұйқының жеткілікті болуына және тамақтанудың тұрақтылығына  ерекше назар аудару керек.

 

Айқын және нақты нұсқаулар

Тапсырмаларды қарапайым сөздермен көрнекі белгілерді пайдаланып, кезең-кезең үйреткен дұрыс. Қажет болса, нұсқаулықты тыныш үнмен қайталаған дұрыс.

 

Жеткілікті дене белсендігі

Гиперактивті бала үшін қозғалыс табиғи қажеттілік. Белсенді ойындар, серуен, спорттық жаттығулар және би тыныш әрекеттер кезінде артық энергияны босатуға және  зейінді жақсартуға көмектеседі.

 

Тыныш эмоционалы атмосфера

Айқаулау ,дөрекі сөздер айту жиі жазалау шиеленісті арттырып, мінез-құлықты нашарлатады. Мейірімді көзқарас, қолдау және мадақтау сенімді арттыруға көмектеседі.

 

 

 

«Тасбақа» ойыны

Мақсаты: Балаларға өзін-өзі бақылауды дамытуға көмектеседі

Шарты: Тиісті белгіден, белгіге дейін өте баяу жылдамдықпен жетуіңіз керек.Ойын ережесін сақтаған жеңіске жетеді.

 

 

«Доп» ойыны

Мақсаты: Өзін-өзі реттеу техникасын үйретеді.

Шарты: Балаға түрлі-түсті допты немесе шарды жіппен орауы керек. Допты орауды бастағаннан  бірден тынышталады, баланы қызықтырған сайын ойынды жалғастыруға болады.

 

«Қай ойыншық жоғалды?»

Мақсаты:  көру арқылы есте сақтау қабілетін және зейінін дамыту

Шарты: Баланың алдына 4-5 ойыншық 1 минут көрсетіп, содан кейін бірін алып тастап, не жоғалғанын сұрау

 

«Ең зейінді бала» ойыны

Мақсаты: Зейінін шоғырландырып, ойлау қабілетін дамыту

Шарты: Балалар жарты  шеңберге  тұрып, ойынның көшбасшысын сайлайды.Көшбасшы ойыншылардың  орналасу реті есте сақтауы керек.Көшбасшы бұрылып тұрғанда ойыншылар орындарын ауыстырып тұра қалу керек.

 

«Айырмашылығын тап» ойыны

Шарты:  Баланың алдына екі бірдей суреттің айырмашылығын табу керек

Гиперактивтілігі байқалатын баламен психологтың негізгі жұмысы — баланың зейінін дамыту, эмоциясын реттеуге көмектесу, импульсивті әрекеттерін басқаруға үйрету және тәрбиешімен, құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнатуына қолдау көрсету.

 

Негізгі қағида: баланы жазалау немесе үнемі тыйым салу емес, оған өзін-өзі басқарудың қарапайым дағдыларын үйрету.

 

Психолог жұмысының негізгі бағыттары

 

 Зейінін дамыту

 Суреттерден айырмашылықтарды табу.

 Бірдей заттарды жұптастыру.

 Нұсқауды тыңдап, бір әрекетті соңына дейін орындау.

 

Эмоциясын реттеу

 Қуану, ренжу, ашулану сезімдерін ажырату.

 

Терең әрі баяу тыныс алу жаттығулары.

 

Көмек сұрау және кезегін күту дағдылары.

 

 Қозғалысын басқару

 

 «Қызыл — тоқта, жасыл — жүр» ойыны.

 

Музыка тоқтағанда қимылды тоқтату.

 

Қозғалыс пен тыныш әрекеттерді кезектестіру.

 

 

. Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру

 

Ойыншықты кезекпен пайдалану.

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар: